Жаңалықтар
2001 жылғы 11 маусымда «Атырау-Ақпарат» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Оның құрамына 2 облыстық – «Атырау» және «Прикаспийская коммуна», 7 аудандық – «Нарын таңы», «Жайық шұғыласы», «Дендер», «Мақат тынысы», «Кең Жылой», «Серпер», «Қызылқоға» газеттері біріктірілді. Жергілікті басылымдардың жұмысын бір орталықтан басқару және ұйымдастырудағы бұл тың идея көп ұзамай өз жемісін бере бастады. Медиахолдинг күні бүгінге дейін БАҚ саласында полиграфиялық, жарнамалық, баспалық және өндірістік-шаруашылық қызметтерді жүзеге асырып келеді. Толығырақ