Жаңалықтар
Бастапқы бет / Жаңалықтар / Журналистер арасында футзалдан турнир өтеді

Журналистер арасында футзалдан турнир өтеді

Атырауда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай БАҚ өкілдері арасында футзалдан облыстық турнир өтеді. Ал бақ пен бап сынға түсетін айтулы жарысты «Атырау-Ақпарат» ЖШС ұйымдастырып отыр.

Жарыстың жүлде қоры қомақты. Бірінші орынға — 100 мың теңге, екінші орынға — 70 мың теңге, үшінші орынға — 30 мың теңге тігілген.

Турнир 24 маусым күні, сағат 09:00-де Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінде басталады