Жаңалықтар
Бастапқы бет / Басшылық

Басшылық

Әбдешев Баязи Мәдешұлы
«Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры
8 (7122) 458 393

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін (1997) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын  (2000) бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын республикалық «Ана тілі» газетінде тілші, «Өлке» баспасында редактор болып бастаған. 2002-2011 жылдар аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде аға оқытушы, аға ғылыми қызметкер, кафедра меңгерушісі, проректор болды. 2011 жылы Атырау облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, 2015 жылдың желтоқсан айынан облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2017 жылдың 11 мамырынан бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің директоры.

Сәбитов Рауан Сәбитұлы
«Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары
8 (7122) 458 118
8 (7122) 305 091

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әлеуметтану бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесін;
2012 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған.
2015 жылдан бері Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің докторанты.
Еңбек жолын 2005 жылы республикалық «Ана тілі» газетінде тілші болып бастаған.
2008-2009 жылдары аралығында «Қазақстан» ұлттық телерадиокорпорациясында редактор-жүргізуші;
2010-2011 жылдары  «Сақшы» газетінің бас редакторы;
2012-2013 жылдары «Халық сөзі» газеті бас редакторының орынбасары; 2014-2015 жылдары – «Қазақстан-Атырау» телеарнасы директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2017 жылдың 1 наурызында «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Нәукиев Өтеген Аманшаұлы
кеңесші
8 (7122) 458 432

Еңбек жолын 1970 жылы «Доссорнефть» мұнай-газ өндіру басқармасында жұмысшы болып бастады. 1975 жылы Мақат аудандық «Мұнайшы» газетінің әдеби қызметкері қызметіне шақырылды.
1981жылы С.М.Киров атындағы (Қазіргі Әл-Фараби) Қазақ мемлекеттік университеті Журналистика факультетін тәмамдап, облыстық телевизия және радиохабарларын тарату комитетінде редактор, аға редактор қызметтерін атқарды.
1986 жылы Балықшы аудандық «Каспий таңы» газеті редакторының орынбасары қызметіне тағайындалды.
1987 жылы Алматы жоғары партия мектебіне жолдама алып, оны бітірген соң облыстық халықтық бақылау комитетінің ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, 1990 жылы Балықшы ауданы қайтадан ашылғанда халық депутаттары аудандық Кеңесі ұйымдық кеңес жұмыстары және тұрақты комиссиялар бөлімінің  меңгерушісі, аппарат жетекшісі, кейін аудан әкімінің  аппарат басшысы болып еңбек етті.
1995-1999 жылдары облыс әкімінің баспасөз хатшысы қызметін абыроймен атқарып, 2001 жылы «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын  төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
2017 жылдың 1 наурызына дейін «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нда директордың орынбасары болып жемісті еңбек етті. Бүгінде осы мекемеде кеңесші-талдаушы.

Биғали Ермек Аққалиұлы
талдаушы-кеңесші

8 (7122) 458 432

1952 жылы 20 наурызда туған. 1979 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1970 жылы Атырау мұнай айдау базасында бастады.
1971 жылдан бастап «Атырау» газетінде телетайпист-радист, өнеркәсіп, транспорт және құрылыс, партия, үгіт-насихат, бұқарамен байланыс бөлімдерінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1988 жылы аталған газетте жауапты хатшының орынбасары;
1990-2002 жылдары жауапты хатшы;
2002-2015 жылдары бас редактордың бірінші орынбасары болып қызмет етті. 2015-2017 жылдары аралығында «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің Өндіріс-қауіпсіздік және шаруашылық бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2017 жылдың 30 наурызынан кеңесші-талдаушы.
«Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі» және «ҚР Құрметті журналисі» белгілерімен марапатталған.

Балмағамбетов Исатай Құндызбайұлы
«Атырау» газетінің бас редакторы

8 (7122) 458 643
8 (7122) 458 597

1961 жылы Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты Қаратон ауылында туған. 1983 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Журналистика факультетін үздік бітірген. Еңбек жолын Атырау облыстық «Коммунистік еңбек» газетінде бастаған.
Ол әр жылдары республикалық «Лениншіл жас» газетінің Батыс облыстар бойынша меншікті тілшісі, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Атырау облыстық телерадиокомпаниясының жауапты редакторы, республикалық «Қазақстан-Zaman», «Заң» газеттерінің меншікті тілшісі, «Ақ Жайық» газеті бас редакторының орынбасары – қазақша басылымының жауапты редакторы, республикалық «Алтын Орда» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болып қызмет етті.
2007-2010 жылдары республикалық «Алтын Орда» газетінің директоры – Бас редакторы қызметін атқарды.
Бүгінде Атырау облыстық «Атырау» газетінің Бас редакторы.
Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Жылыой ауданының Құрметті азаматы.

Шалабаева Нәсіп Қисметоллақызы
«Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы

8 (7122) 458 643
8 (7122) 458 643

1960 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында дүниеге келген.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Журналистика факультетін, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Филология факультетін бітірген.
1980 жылы «Прикаспийская коммуна» газетіне курьерлік қызметке қабылданып, кейін телетаспашы қызметіне ауысты. Жоғары білім алған соң аудармашы, кейін тілші, бөлім басшысы қызметтерін атқарды.
2006 жылы аталған газеттің жауапты хатшысы;
2014 жылдан «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы қызметін атқарып келеді.
ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың Алғыс хатымен, Мәдениет және байланыс министрлігінің, Атырау облысы мен қала мәслихатының Құрмет грамоталарымен, бірнеше рет облыс және қала әкімдерінің, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиал хатшысының Алғыс хаттарымен марапатталған.

Әміров Марат Тасболатұлы
Өндіріс-қауіпсіздік және шаруашылық бөлімінің басшысы

8 (7122) 458 743

1981 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дыңғызыл селолық округінде дүниеге келген.
2005 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Физика-математика факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010-2012 жылдары аралығында көлік-логистикалық «Транс-регион» ЖШС-нің материалдық-техникалық жабдықтау бойынша бас инженері болып бастады.
2013-2016 жылдары «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-інде қауіпсіздік қызметінің маманы болып еңбек етті.
2016-2017 жылдары «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің Өндіріс-қауіпсіздік және шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары.
2017 жылдың наурыз айынан бастап аталған бөлімнің басшысы.

Қатешова Ағиба Мұстажапқызы
Жарнама бөлімінің жетекшісі

8 (7122) 458 521

1989 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің
Журналистика факультетін тәмамдаған.
1989-1993 жж. Жаңаөзен қалалық радиосында редактор, Жаңаөзен қалалық газетінде тілші, бөлім меңгерушісі;
1993-97 жж. Жаңаөзен қалалық кеңесінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Маңғыстау облыстық телерадиокомпаниясының бас редакторы, облыстық «Маңғыстау» газетінің бөлім меңгерушісі;
1997-2000 жж. «Каспий-Капитал» газетінің бас редакторы, «Қазақойл-Ембі» ААҚ-ның баспасөз хатшысы;
2000-2007 жж. Д.Нұрпейісова атындағы мұнайшылар Мәдениет сарайының директоры, «Ембімұнайгаз» ӨФ әкімшілік департаментінің директоры;
2007-2008 жж. «Ембімұнайгаз» ӨФ-і әлеуметтік саясат бөлімінің инженері;
2008-2011жж. Атырау облыстық ішкі саясат басқармасында бас маман, бөлім бастығы, бастықтың орынбасары;
2011-2012 жж. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы;
2012-2016 жж. облыстық «Атырау» газеті бас редакторының орынбасары;
2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС жарнама бөлімінің жетекшісі қызметін атқарып келеді.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Бес кітаптың авторы.

Текеева Шынар Тасмағамбетқызы
Электрондық БАҚ бөлімінің жетекшісі

8 (7122) 318 318

1982 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Филология факультетінің «орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі» мамандығын, сондай-ақ осы оқу орнының «орыс тілі» мамандығын тәмамдаған.
2001-2014 жылдар аралығында «Атырау-Ақпарат» ЖШС-не қарасты облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінде корректор, аға корректор, тілші, қоғамдық-саяси бөлімнің меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2014-2015 жылдары Астана қаласындағы «SUCCESS K» компаниясында бөлім басшысы;
2015-2017 жылдары «ATPress.kz» ақпараттық ресурсында редактор болып қызмет етті.
2017 жылғы сәуірден бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС-індегі «Электрондық БАҚ» бөлімінде жетекші.

Тасмұхантегі Таңатар Дәрелұлы
«Серпер» газетінің бас редакторы

8 (71233) 21 570
Факс: 8 (71233) 305 108

1954 жылы Орлы аудандық округінде туған. 1972-1974 жылдары әскери борышын өтегеннен кейін теміржолшы, құрылысшы болып еңбек еткен. Ақтөбе теміржол транспорты техникумының құрылыс бөлімін, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Журналистика факультетін бітірген.
1980-1983 жылдары «Октябрь» кеңшары комсомол ұйымының хатшысы;
1983 жылы аудандық «Ленин жолы» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.
1993 жылдың шілдесінен «Кеңес үні» газетінің (қазіргі «Серпер») бас редакторы.
Атырау облыстық мәслихатының екі шақырылымының депутаты.
Екі мәрте ҚР Ақпарат Министрінің Құрмет грамотасымен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен, Атырау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
«Ерен еңбегі үшін», «10 жыл Астана», «ҚР Тәуелсіздігіне – 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне – 20 жыл» медальдарының иегері.
Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты. Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы. Қазақстан Журналистер, Жазушылар Одақтарының, мүшесі.
«Сағым дүние», «Перзент парызы», «Арнау боп ұшқан көңіл-құс», «Күз-кеме», «Теңізімнің тамшысы», «Жанартау», «Мелләт-қызы қазақтың» жыр кітаптарының авторы.

Ерғалиев Нұрым Тельманұлы
«Жайық шұғыласы» газетінің бас редакторы

8 (71236) 305 111
Факс: 8 (71236) 21 134

1961 жылы Құрманғазы ауданына қарасты Сүйіндік ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1978 жылы Сүйіндік орта мектебін бітіргеннен кейін екі жыл «Ақбөкен» комсомол жастар бригадасында шопан болып жұмыс істеді. 1982 жылы әскери жолдамамен С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің күндізгі бөліміне оқуға түседі. 1984 жылы алғашқы телевизиялық студент ақындар айтысына қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарды иеленді.
1987 жылы Балықшы аудандық «Каспий таңы» газетінде журналистік қызметін бастайды. Кейін Құрманғазы ауданындағы «Ленин жолы», қазіргі «Серпер» газетінде еңбек жолын жалғастырып, әр жылдары бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2002-2004 жылдары облыстық «Атырау» газетінде Ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі;
2004 жылдан бері Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің бас редакторы.
Тауман Амандосов атындағы облыс әкімі сыйлығының иегері, облыстық жыр мүшайраларының бірнеше дүркін жүлдегері.
«Тәуелсіздіктің 20 жылдығы», «ҚР Мәслихаттарының 20 жылдығы» мерекелік, «Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы» естелік медальдарымен марапатталған.
Махамбет аудандық мәслихатының қатарынан үш шақырылымының депутаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
«Қиғаш», «Ер кезегі», «Шіркін, дәурен!» жыр жинақтарының авторы.

Амантурлин Жанай Ислямғалиұлы
«Дендер» газетінің бас редакторы

8 (71234) 21 180
Факс: 8 (71234) 21 142

1973 жылы Елтай ауылдық округіне қарасты «Қызыл төбе» қыстауында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік гуманитарлық заң университетін, кейін Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін Журналистика мамандығы бойынша бітірген.
Журналистік еңбек жолын 2003 жылы аудандық «Дендер» газетінде тілші болып бастап, әр жылдары экономика, заң, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің редакторы қызметтерін атқарды.
2005-2011 жылдары облыстық «Атырау» газетінің Индер-Махамбет аудандары, батыс аймақтық «Сахара» газетінің Индер-Қызылқоға аудандары бойынша меншікті тілшісі, сонымен қатар 2011-2015 жылдары облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасының Индер ауданындағы меншікті тілшісі қызметін қоса атқарды.
2010-2011 жылдары аудандық «Дендер» газеті бас редакторының жауапты хатшы-орынбасары, 2011 жылдан бас редакторы.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Тәуелсіздікке – 25 жыл» және «ҚР Мәслихатына 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
«Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық Кеңестің төрағасы, аудандық мәслихат депутаты.

Шәтенова Сәулеш Тәжіқызы
«Кең Жылой» газетінің бас редакторы

8 (71237) 51 683
Факс: 8 (71237) 51 966

Жылыой ауданы, Сарқамыс ауылында мұнайшы отбасында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін бітірген. 2004 жылдан бері Жылыой аудандық «Кең Жылой» газетінің бас редакторы.
2002 жылы «Жылдың үздік журналисі» номинациясының иегері атанды.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2009 жылы «Мәдениет қайраткері» атағына ие болды.
2007 жылғы Қазақстанның жетістігі туралы өлеңдерге арналған республикалық жыр мүшәйрасының жеңімпазы. Өлеңдері «Қазақ ақындары антологиясының» көп томдығына, «Аудитория», «Қос ішек» атты республикалық, «Ақ шағала» атты облыс ақындарының жыр жинақтарына енген. 2014 жылы «Сәулелі сәт» атты жыр жинағы жарық көрді.

Саликова Гүлзада Есмырзақызы
«Мақат тынысы» газетінің бас редакторы

8 (71239) 305 104
Факс: 8 (71239) 30 766

1972 жылы 8 маусымда Мақат ауданы, Бек-бике ауылында мұнайшылар отбасында дүниеге келген.
1996 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің филология факультетін тәмамдады. Сол жылдан бастап С.Шәріпов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
1997 жылы аудандық мемлекеттік тергеу бөлімінің тергеушісі;
1997 жылдың қыркүйегінен Мұса Баймұханов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, кейіннен тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары;
2000 жылдан «Мақат тынысы» аудандық қоғамдық- саяси газетінің директор-редакторы, 2002 жылдан бастап бас редакторы қызметін атқарып келеді.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. 2004 жылы облыс бойынша «Таңдаулы ауыл жорналшысы», 2005 жылы Қазақстан Журналистер Одағының Атырау облыстық филиалының «Құрмет грамотасымен», 2011 жылы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің «Құрмет грамотасымен», «Доссор мұнай кен орнына 100 жыл» естелік белгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Нұғманов Нұрболат Амангелдіұлы
«Нарын таңы» газетінің редакторы

8(71231) 305 113
Факс: 8(71231) 20 168

1985 жылы Исатай ауданы, Аққыстау ауылында дүниеге келген.
Атырау қаласындағы Ж.Молдағалиев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі.
Астана қаласындағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар академиясын Инженер мамандығы бойынша бітірген.
2013-2015 жылдары Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің тілшісі, 2016 жылы Қызылқоға аудандық «Қызылқоға» газетінде бас редактордың орынбасары-жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 2016 жылғы желтоқсан айынан Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің бас редакторы.
Халықаралық жыршы-термешілер және айтыскерлер Одағының мүшесі. Облыстық айтыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы.

Сисенов Бауыржан Аманұлы
«Қызылқоға» газетінің бас редакторы

8 (71238) 21 738
8 (71238) 305 115
Факс: 8 (71238) 21 764

1986 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылында туған.
2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген.
2005-2007 жылдары облыстық «Қайсар» газетінде тілші;
2007-2008 жылдары «Атырау» газетінде тілші;
2008-2010 жылдары Мақат аудандық «Мұнайшы» газетінде тілші, бас редакторы;
2010-2013 жылдары қазіргі Атырау облысы бойынша Экология департаментінде баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, республикалық «Қазақ спорты», «Қазақ үні» газеттерінің, «Спорт жұлдыздары» журналының Атырау облысы бойынша меншікті тілшісі болып еңбек етті. Қазіргі таңда аудандық «Қызылқоға» газетінің бас редакторы.
Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Бұқаралық ақпарат құралдарында қосқан еселі еңбегі үшін ҚР Журналистер Одағының Алғыс хатымен және бірнеше рет аудан, қала, облыс әкімдері, спорт басқармасы басшыларының Алғыс хаттарымен марапатталған.
«Асуы мол алпыс жыл», «Ерлікке тағзым» кітаптарының құрастырушысы, «Тарих тағылымдары», «Телішевтер әулеті», «Хисметовтер әулеті» кітаптарының авторы.