Жаңалықтар
Бастапқы бет / Біз туралы

Біз туралы

  • 2001 жылғы 11 маусымда «Атырау-Ақпарат» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Оның құрамына 2 облыстық – «Атырау» және «Прикаспийская коммуна», 7 аудандық – «Нарын таңы», «Жайық шұғыласы», «Дендер», «Мақат тынысы», «Кең Жылой», «Серпер», «Қызылқоға» газеттері біріктірілді. Жергілікті басылымдардың жұмысын бір орталықтан басқару және ұйымдастырудағы бұл тың идея көп ұзамай өз жемісін бере бастады. Медиахолдинг күні бүгінге дейін БАҚ саласында полиграфиялық, жарнамалық, баспалық және өндірістік-шаруашылық қызметтерді жүзеге асырып келеді.
  • 2002 жылы жалпы аумағы 5900 шаршы метрді құрайтын баспасөз үйі пайдалануға берілді. Аймақ тілшілерінің орталығына айналған бұл заманауи кеңседе өнімді еңбек үшін барлық жағдай жасалған. Мекеменің бір-бірімен жалғасқан сәулетті 3 ғимараты бар. Бірінші ғимаратта – «Атырау-Ақпарат» ЖШС әкімшілігі, облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінің, сондай-ақ «atpress.kz» порталының редакциялары қоныс тепкен.

Екінші ғимаратта баспасөз орталығы жұмыс істейді. Онда әр түрлі дәрежедегі кездесулер, баспасөз конференциялары, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.

Үшінші ғимаратта – баспахана орналасқан.

  • Баспахана 2002 жылы өндірістік қуаты сағатына 12 мың дана газет басып шығаратын түрлі-түсті «ORIENT» ротациялық қондырғысымен жұмысын бастады.

Екі жылдан кейін жаңадан «SuperORIENT» (25 000 дана/сағ.) машинасын, жарнамалық буклеттер, шақыру билеттерін, бланктер басатын «DocuCOLOR 2045» жедел баспа станогын сатып алды.

  • 2003 жылғы 15 қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев медиахолдингке келіп, жұмыс жағдайымен танысты. «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді.
  • 2007 жылы газет макетін пленкасыз дайындап басатын қазіргі заманғы «MakoCTP» баспа машинасы сатып алынды. Мұның артықшылығы – газетті бұрынғыдай 40 минутта емес, 15 минутта-ақ өндіріске жіберуге мүмкіндік берді.
  • 2012 жылдың 16 қарашасында Атырау облысы әкімінің № 357 қаулысымен «Атырау-Ақпарат» ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) құрылды.

Басты міндеттер – мемлекеттің саясатын насихаттау, экономикалық және әлеуметтік реформаларды объективті көрсету, қоғамның бірлігіне қызмет ету.

  • «Атырау-Ақпарат» баспаханасынан күні бүгін  екі облыстық, жеті аудандық, коммерциялық басылымдар және республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері басылады.
  • Баспаханада бұрынғы құрал-жабдықтармен қатар, қазір ADAST-526, ADAST-715C офсетті машиналары пайдаланылуда. Бұл екі және көп бояулы газеттер, көп таралымды қалың мұқабалы кітаптар, түрлі құттықтау адресаттар, буклеттер шығаруға мүмкіндік береді.
  • «Атырау-Ақпарат» бүгінде құрамына екі облыстық, жеті аудандық газет, Өңірлік коммуникациялар қызметі және «atpress.kz» ақпараттық порталы кіретін, өңіріміздегі ақпараттық саясатты жүзеге асыратын бірегей, негізгі орталыққа айналып үлгерді.